ЛИЯСОВА АЙГҮЛ АМАНГЕЛДІҚЫЗЫНЫҢ ЕҢБЕК БИОГРАФИЯСЫ Лиясова Айгүл Амангелдіқызы 1980 жылы 5 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Ақши орта мектебін үздік бітіріп, сол жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Философия және Саясаттану факультетінің, психология бөліміне оқуға түсіп, аталмыш оқуды 2000 жылы аяқтап, психолог, психология пәнінің оқытушысы, бакалавр академиялық дәрежесін алып шығады. 2000 жылы «Дарын» Әлеуметтік-Гуманитарлық институтына сырттай оқу бөліміне «ағылшын тілі» мамандығына оқуға түскен. 2003 жылы «ағылшын пәнінің оқытушысы» мамандығын алып 2000- 2001 жылдары өз еңбек жолын Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылында, Ақши орта мектебінде психолог, «әдеп және жантану» пәнінің оқытушысы және 5-6 сыныптарда ағылшын пәнінің оқытушысы ретінде бастаған. 2001 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дің Философия және Саясаттану факультетінің, психология мамандығы бойынша магистратура бөліміне түсіп, 2003 жылы үздік бітіріп шыққан. Психология ғылымының магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған. 2001-2002 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында ғылыми қызметкер, 2002-2003 жылдары Нур- Мубарак университетінде психология пәнінің оқытушысы болып жұмыс атқарған. 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жалпы және этникалық психология кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс атқаруда.2008 жылдың қазан айынан 2009 жылдың ақпан айына дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «тіл дамыту және тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің» жанында ашылған «студент офисінің» психологы жұмысын атқарды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының, Адамзат ақыл-ойының қазынасы 10 томдық психология бойынша аудармашыларының бірі 2-4, 6-9 томдар. 2003 жылы тамыз айында «Бөбек» республикалық оқу орталығында өткен «Өзін-өзі тану» оқу курсы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткен, сондай-ақ 2005 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жаныдағы жоғарғы оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру институтының педагогикалық психология мамандығы бойынша толық курсын бітірген. 2006 жылы қараша айында «Бөбек» ұлттық ғылыми- практикалық білім беру және сауықтыру орталығында өз білімін көтерген. 2004 жылдан бері Қазақ психологтар қауымдастығының мүшесі. Типтік бағдарламалар дайындауға қатысқан. 70- тан астам ғылыми мақалалардың авторы. Жыл сайын өтілетін халықаралық, республикалық, ғылыми-теоретикалық т.б. конференцияларға белсенді қатысады.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

КазНУ им. аль-Фараби
Высшее
2003

Документы автора

0

Цитирования
0 по 0

документам

h-индекс

0